- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің арсеналын жаңа мина-тартқыш кораблі толықтырады
Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің арсеналын жаңа мина-тартқыш кораблі толықтырады
Корабль Невск кеме құрастыру зауытынан (Санкт-Петербург қ.) келеді және жоспар бойынша қыркүйектің аяғында суға жіберіледі. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының айтуынша, корабль базалардың, кемежайлардың, кеме жолдары мен жаға маңының су айдындарын минаға қарсы қорғау үшін арналған.
Ол кіріктірілген шағын габаритті навигация және тұрақтандыру жүйесімен, корабльді гидрометеорологиялық қамтамасыз ету кешенімен, спутниктік навигациялық жүйелерді қабылдау аппаратурасымен, жаһандық теңіз байланысы жүйесінің, радиотрансляция және бақылау аппаратурасымен жабдықталған.
Сонымен бірге, кеменің жаппай жою қаруынан қорғау қасиеттері, әмбебап су және магниттік қорғау жүйелері, химияға қарсы желдеткіші мен жарақтандыруда атысты автоматтандырылған басқару жүйесі бар АК-306 штаттық артиллериялық кешені, 12,7 мм оқшашары және тартқыш қару-жарағы бар.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК ӘТК жарақтандыруында қазіргі заманғы зымыран-артиллериялық корабльдері, шағын күзет кемелері мен катерлері тұр. Аталған мина-тартқыш кораблі осы арсеналды толықтырады, оны іске қосу қазақстандық Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты