Алматы облысында 352,3 млрд теңгенің өндірістік өнімі өндірілді

17 Қыркүйек, 2015 13:02
Алматы облысында 352,3 млрд теңгенің өндірістік өнімі өндірілді, физикалық көлем индексі 100,8 пайызды құрады, деді облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев Талдықорғанда өткен көшпелі ОКҚ брифингі барысында.

Аймақта 25 жаңа және 8 кеңейтілген өндіріс іске қосылғанын айтты, өнеркәсіп саласының өзінде ғана 1200 жұмыс орны ашылды.

«Осы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыты бойынша тұрақты даму қамтылды», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар