- Басты
- Жаңалықтар
- «Жауынгерлік достастық-2015» ӘШҚҚ әскерлері зенит-зымырандық кешендерінен іске қосуды орындады (ФОТО)
«Жауынгерлік достастық-2015» ӘШҚҚ әскерлері зенит-зымырандық кешендерінен іске қосуды орындады (ФОТО)
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік есептоптары әуе нысаналары бойынша С-75, С-125, Круг және Куб зенит-зымырандық кешендерінен іске қосуды орындады, сондай-ақ әуе қарсыласын алдын ала анықтау мәселелерін пысықтады.
Оқу-жаттығудың мақсаты әуе шептерін қорғау жөнінде Әуе қорғанысы күштерінің экипаждары мен жауынгерлік есептоптарының дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар жауынгерлік кезекшілікті бірлесіп атқару кезінде ТМД ӘШҚҚ күштері мен құралдарының өзара іс-қимылын пысықтау болып табылады. Жауынгерлік оқ ату барысында есептоптар мен экипаждар кәсіби шеберлік деңгейін арттыра отырып, практикалық машықты жетілдірді, барлық нысаналар сәтті жойылды.
Батарея командирі капитан Марат Сәбитовтің есептобы жақсы жағынан көрінді. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес ӘҚК әскери-әуе күштері әскери бөлімдерінің ұшу құрамы жерүсті және әуе нысаналары бойынша жоғары дәл қаруды қолдана отырып, практикалық оқ атуларды орындайтынын айта кеткен жөн.
Маңдайшептік авиация зымырандарының іске қосылуы әуе оқ атуларының нақты белгілі бір ауданында жүргізіледі. Ұшқыштардың әрқайсысына шартты қарсыластың нысанасын айқындап, оны жою қажет. Майдандық авиация күндізгі және түнгі жағдайларда әуе нысаналары бойынша жұмыс істейді. Жауынгерлік оқ атуларды ұшқыштар жеке дара және жұп құрамында орындайды. Әуе нысаналары ретінде жарқырағыш авиациялық бомбалар пайдаланылады.
-
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты