- Басты
- Жаңалықтар
- Әлемдегі 70 елдің құтқарушылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Әлемдегі 70 елдің құтқарушылары төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Іс-шараны Ресей ТЖМ басшысы Владимир Пучков ашты, ол форумның зілзалаларға ден қою саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою кезіндегі жаңа технологиялармен және әдістермен танысу үшін тиімді алаң болып табылатынын атап өтті.
БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының өкілі Винстон Чанг, Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) бас хатшысы Владимир Кувшинов, Халықаралық Қызыл Крест комитеті өңірлік делегация басшысының орынбасары Барбара Амштад, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божко, сондай-ақ Испания, Ұлыбритания, Үндістан, Нидерланды, Словения, Австралия құтқару ведомстволарының өкілдері баяндама жасады.
Конференция қорытындысы бойынша Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың екінші халықаралық форумының декларациясы қабылданды, онда форумның қатысушылары өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың дүниежүзілік кездесуінің тиімділігі танылатыны, кәсіби байланыс орнатуға және бүкіләлемдік өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың өзара іс-әрекеттерін жетілдіру ықпал ететіні атап өтіледі.
Форум соңында Ногинск құтқару орталығының аумағында Ресей ТЖМ күштерінің ірі ауқымды оқу-жаттығуы өтті, оған Қазақстан, Беларуссия, Абхазия, Молдова, Қырғыз, Армения, Оңтүстік Осетия және Моңғолия елдерінен келген шетел делегациясы құтқару бөлімшелерінің өкілдері – жалпы саны мыңға жуық адам, 200 бірлік техника және 12 әуе кемесі жұмылдырылды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады