Елордада өнеркәсіп өнімінің көлемі 165 млрд теңгеге жуықтады

17 Қыркүйек, 2015 14:47
2015 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі 165,6 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, аталған кезеңде өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейге қарағанда 104,2% болды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі 2014 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгеймен салыстырғанда 4,9% өсті және қолданыстағы бағамен 126 млрд теңгені құрады.

 Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсуі металлургия өнеркәсібінің, жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру, сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндірісінде байқалады.

2015 жылғы қаңтар-тамызда электр энергиясымен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өнім (тауар, қызмет) көлемі 34,3 млрд теңгені құрады, аталған кезеңдегі нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 102,5% болды.

 

Барлық жаңалықтар