• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚТЖ «Тұлпар–Тальго» жүрдек пойыздарына 70 пайызға дейін жеңілдіктер жасайды

ҚТЖ «Тұлпар–Тальго» жүрдек пойыздарына 70 пайызға дейін жеңілдіктер жасайды

17 Қыркүйек, 2015 12:34
2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап «Турист», «Бизнес» және «Гранд» санаттарына сәйкес пойыздарға 40 пайызға дейін қосымша жеңілдіктер қарастырылады, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 3 санат бойынша қолданылатын «Тұлпар –Тальго» пойыздарындағы дисконтты жолақы карталары жарамды.Оның ішінде «Кұрмет» – 60 және одан үлкен жастағы қарттарға 30% жеңілдік. «Жастар» – 16-25 жас аралығындағы жастарға 30% жеңілдік, «Саяхатшы» – тұрақты клиенттерге 10%-20%.

Сонымен, дисконтты картасы бар жолаушыларға жаңа жеңілдіктер жүйесіне сәйкес, «Гранд» және «Бизнес» класты вагондарға жалпы 70 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

 

 

 

Барлық жаңалықтар