ҚР Азаматтық процестік кодексінің заң жобасы Мәжіліске қайтарылды

17 Қыркүйек, 2015 11:46
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің жобасы үшінші оқылымда талқылап, құжатқа бірқатар өзгерістер енгізілгендіктен Мәжіліске қайтарды.

«Заң жобасына «Заң әділдігін қамтамасыз ету»  бөлімі бойынша реформаның 20,23,26 қадамдарын қамтиды. Тұтастай алғанда Азаматтық процестік кодекс жобасы азаматтық-процестiк заңнаманың жеделдiгiн арттыруды, сот iсiн жүргiзуде бiтiмдестiру рәсiмдерiн белсендi қолдану үшiн оны жаңғырту арқылы жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сотта тиiмдi қорғауды қамтамасыз етуді көздейді», - деді сенатор   Людмила Полторабатько.

Сонымен қатар, құжаттың ережелерi азаматтардың, мемлекеттiң және заңды тұлғалардың бұзылған немесе дауланып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн қорғауды қарастырады. Ондай мүдделерді қалпына келтiру туралы азаматтық сот iсiн жүргiзу талаптарын орындауға, заңдылықты сақтауға, қоғамның заң мен сотқа кадiр-құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталады.

«Сонымен қатар, сенаторлар талап қою сомасын екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда жеке тұлғалардың, ал отыз мың айлық есептік көрсеткіштен кем болғанда заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты істер бойынша сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға шектеулер белгілеп отыр», - деді сенатор   Людмила Полторабатько.

Айта кетейік, Палатаның төменгі палатасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заң жобасы қайта қайтарылды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар