- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат жұмылдыру мәселелерінің дайындығына бағытталған заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Сенат жұмылдыру мәселелерінің дайындығына бағытталған заң жобасын Мәжіліске қайтарды
«Жұмылдыру дайындығының негізгі міндеттерінің бірі жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру болып табылады. Бұдан бөлек, мемлекеттің жұмылдыру әзірлігін арттыру қарастырылады. Жұмылдыру дайындығының негізгі міндеттерін іске асыру жұмылдыру, соғыс жағдайы мен соғыс уақыты кезеңінде мемлекетті тұрақты басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте заң жобасында «мемлекеттік органдардың жұмылдыру жоспары», «әкімшілік аумақтағы жұмылдыру жоспары» деген ұғымдар бекіту бөлігіне өзгерістер енгізілді», - деді Е.Досаев.
Министр атап өткендей, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Үкімет жұмылдыру дайындығының әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу жаттығуының іс-шараларын және Қарулы күштердің, басқа да әскери құрылымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру шараларын ұйымдастырады.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ұйымдардың жұмылдыру, соғыс жағдайы мен соғыс уақытында мемлекеттік қорғаныс мүддесіне мемлекеттік тапсырыстар мен тапсырмаларды орындаудан бас тартуға құқығы болмайды. Осыған байланысты құжатта «тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспары» деген ұғымдар бөлігіне өзгерістер енгізіліп отыр», - деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
Оған қоса, сенатор Мұхтар Алтынбаев заң жобасынан мемлекеттік резервтің дебиторлық қарызы пунктін алып тасталғанын айтты.
«Заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс мақұлдаған жобаға толықтырулар енгізу қажет болды. «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР 11 Заңының 33 бабының бөліміне мемлекеттік резервтің дебиторлық қарызы пунктін алып тастау қарастырылды. Болашақта дебиторлық қарызы пунктін алып тасау бухгалтерлік заңнамаға сәйкес жүргізіледі», - деді депутат.
Анар Тәңірқұлова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер