Ақтөбе диқандары егін науқанын 20 қыркүйекте аяқтауды көздеп отыр

17 Қыркүйек, 2015 11:03
Бүгінде Ақтөбе облысында 30 мың гектардан аз аумақта қалған астық жиналып жатыр, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Өткен жылмен салыстырғанда, биыл астық өнімділігі көбірек болды. Орташа алғанда, облыс бойынша бір гектардан 5,4 центнерден астық бастырылды.

«Егін орағы Қарғалы және Әйтеке би аудандарынан басқа жерде аяқталып қалды. Қарғалыда 10 мыңға жуық гектар, Әйтеке биде 20 мыңнан астам гектарда астық жинау қалып отыр. Әйтеке би ауданында облыс бойынша ең үлкен өнім шықты», - делінген хабарламада.

Мұнда бір гектардан 6,6 центнер, ал жекелеген шаруашылықтар одан да көп бидай бастырды. Мысалы, «Алтынсарин» ЖШС астық жинауда биылғы жылы рекордтық көрсеткіш жасады, яғни, бір гектардан 12 центнер егін алды. 

Мартөк және Хромтау аудандары бір гектардан 6 және 6,1 центнерден алды. Қарғалы ауданы орақ науқанын 5 центнер көрсеткішімен аяқтамақ. 20 қыркүйекке қарай, егер ауа райы бұзылмаса, облыста орақ науқаны аяқталады.

 

 

Барлық жаңалықтар