- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Аграрлық сектор жаңғыртуды, озық технологиялар енгізуді қажет етеді
Н.Назарбаев: Аграрлық сектор жаңғыртуды, озық технологиялар енгізуді қажет етеді
Шараға сондай-ақ Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің мүшелері, өңірлердің басшылары қатысты.
Мемлекет басшысы өз сөзінде В.Путинге шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтып, Қазақстан тарапы форумға зор мән беретінін атап өтті.
Сонымен Қатар Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір басымдық ретінде өнімнің құрамын нақты жазу бөлігіндегі жаңа стандарттар мен техникалық регламент талаптарын әзірлеу мәселесін айтты.
Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығында инновациялар енгізудің маңыздылығын да атап өтті.
«Аграрлық сектор жаңғыртуды, озық технологиялар енгізуді қажет етеді. Израильді мысалға келтірейін, бұл елдің іс жүзінде құнарлы жері жоқ болса да, әлемдік нарыққа жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін шығарады. Сондықтан елдеріміздің ауыл шаруашылығы министрліктеріне бірлескен агроинновация орталықтарын құру жөнінде ойланған жөн», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев өзара инвестициялар, трансшекаралық бірлескен кәсіпорындар құру, өндірістік тізбектер түзу, сапалы көлік-логистика инфрақұрылымын қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын айтты.
«Қазақстан Ресей арқылы өтетін Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізі құрылысын аяқтауға таяды. Осының арқасында біз азық-түлік жеткізу мөлшерін ұлғайту жөніндегі орталықтар құра алар едік. Бұл үшін Еуразия даму банкінің ресурстарын пайдалануға болады. Мәселен, банктің биыл қаржыландырылған 12 жобасының 10-ы ауыл шаруашылығына тиесілі болды», – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтан артықшылық алу және мүше елдердің экономикалық мүдделерін бірлесіп қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Н.Дементьева: Халықтың әлеуметтік жағдайы түзелмесе, басқа жетістікпен мақтанудың қажеті жоқ -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті