- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады
Заң жобасы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде жүктеген тапсырмаларын, сондай-ақ ҚР мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыруға бағытталады. Бұл ретте Қазақстан ратификациялаған материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция негізінде материалдық емес мәдени мұраны қорғауға және БҰҰ қызметіне Қазақстанның қатысуына бағытталған нормалар қамтылады.
Құжатқа сәйкес, мәдени қоғамдастықты тарту және мәдениет саласындағы басқарушылық мәселелерді үйлестіру мақсатында ҚР Президенті жанынан Әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңес құру көзделген. Бұдан бөлек, мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін уәкілетті орган жанынан салалық көркемдік кеңестер құру қарастырылады.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, мәдени саясат тұжырымдамасын іске асыру барысында қазірдің өзінде бірқатар салалық кеңестер құрылып, қызметке кіріскен. «Бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасау мақсатында театр, музыка, хореография, цирк өнері, кино өндірісі, музей ісі және археология, көркем сурет, сәулет, дизайн, қорық-мұражайлары, әдебиет және кітап шығару жөніндегі салалық көркемдік кеңестер құрылып, алғашқы отырыстары өткізілді. Қазіргі уақытта біз бұл кеңестердің қызметін заңнамалық деңгейде бекітуді көздеп отырмыз», - деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру