Астана әуежайы жылына 7 млрд жолаушыны қабылдайтын болады

17 Қыркүйек, 2015 09:24
Салынып жатқан жолаушылар терминалы мен ұшу-қону жолағы 2017 жылға таман пайдалануға берілсе Астана әуежайы жылына 7 млн адам қабылдайтын болады, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ баспасөз қызметі.

Жаңа терминалда 25 тіркеу бағанасы, 24 көші-қон қызметінің орны, жүк беретін 3 конвейер орнатылатын болады. Жаңа терминалдың өткізу қуаттылығы  жылына 4 млн жолаушы болмақ.

«AirportManagementGroup» Басқарушы компанияның бас директоры Клод Бадан әлемдік тәжірибенің басымдықтарына трафиктің ұлғаюы, қызмет көрсетудің жоғары деңгейі мен ұшулардың қауіпсіздігі екенін айтып өтті.

Бүгінгі таңда Астана әуежайы орташа есеппен жартытәулікте 10 мың адамды тасымалдайды, ол 140 рейске тең. 

Барлық жаңалықтар