Н.Назарбаев: Азық-түлік – ең тұрақты валюта

16 Қыркүйек, 2015 19:46
ҚР Президентінің пікірінше, бүгінгі күні азық-түлік – ең тұрақты валюта. Аграрлық сала адамзаттың бүгіні мен ертеңінің басты құндылығы болып табылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Сочиде XII Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығы форумының жалпы отырысында мәлім етті.

 «Негізгі сауда-саттық біздің өңірлер арқылы өтеді және бұл дәстүрді жалғастыруымыз керек. Әсіресе қазір, бәріміз әлемдік дағдарысты сезіп отырған сәтте. Бүгін біз сөз еткен азық-түлік – бүгіннің ең тұрақты валютасы. Азық-түлік әр қашан бар. Қос мемлекет те – агроөндірістік ел, соның арқасында біздің мүмкіндігіміз әлдеқайда жоғары. Адамзаттың бүгіні мен ертеңінің негізгі құндылығы – аграрлық кешен», - деді Мемлекет басшысы. 

ҚР Президентінің айтуынша, БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, Жер шарындағы адамдардың саны 2050 жылға қарай 9 миллиардтан асып жығылады, сондықтан ғаламдық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі – осы миллиардты асырап-сақтау. 

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей баға жетпес байлыққа, алып ауылшаруашылық алқаптарына және ауылшаруашылық тәжірибеге ие екенін алып қосты. 

«Екі мемлекеттің ауылшаруашылық жерлерін қоса есептегенде – 435 млн га тең. Бұл әлемдік ресурстың 10%-ынан астам. Табиғи климаттық аумақтардың әралуандығы, құнарлы топырақтың арқасында бірқатар аграрлық сала бойынша бәсекеге қабылеттіміз. Астық, күріш, майлы, жем-шөп дақылдары, ет-сүт өнімдері өндірісі бойынша біздің мемлекеттеріміздің агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуеті зор», - деп қосты Елбасы.  

Барлық жаңалықтар