- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс индустриялды-инновациялық даму мәселелері бойынша заң жобасына енген жаңашылдықтарды қарады
Мәжіліс индустриялды-инновациялық даму мәселелері бойынша заң жобасына енген жаңашылдықтарды қарады
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы ілеспе құжатпен бірінші оқылымда депутатар қолдауына ие болды. Онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіру жөніндегі негізгі өкілеттіктері бар уәкілетті орган айқындалады.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың «сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг» сында басқа да жаңа шаралар қолданылады. Барлық шаралардың қорытындысы ретінде Агенттік жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндама дайындап оны Мемлекет басшысының қарауына енгізеді.
Ұлттық баяндама әлемдік және ұлттық деңгейлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жай-күйге талдауды және оның даму үрдісін қамтитын стратегиялық маңызды құжатқа айналады. Жалпы отырыста ілеспе құжатпен бірінші оқылымда мақұлданған тағы бір заң жобасы мемлекеттік қызмет туралы.
Заң жобасында азаматтарды «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына алғаш рет немесе қайтадан кіріп отырған азаматтар мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін тестілеу, уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, азаматтарды жеке қасиеттерін зерделеу арқылы бағалау және жалпы конкурс сынды іріктеу сатыларынан өтеді. Конкурстық іріктеу жалпы және ішкі конкурсты қамтиды.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ротациясы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілер басқа жерге ротация кезінде жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі. Заң жобасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жүргізіледі, ол оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын мемлекеттік қызметшілердің санаттарын айқындайды.
Ілеспе құжатпен бірінші оқылымда мақұлданған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасын қабылдау - мемлекеттік аудиторларға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ олардың тәуелсіздігінің кепілдігін белгілеуге мүмкіндік береді.
Заң жобасы тексерулерді азайтатын бірыңғай дерекқор құру, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу, аудиторлық есептерді, бақылау актілерін тану, ішкі аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органның функцияларын шектеу сияқты бірқатар тетіктерді енгізуді көздейді. Бұдан басқа, заң жобасы бақылау органдарының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауын регламенттейді.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар