• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісте бірінші оқылымда қоғамдық кеңестер туралы заң жобасы мақұлданды

Мәжілісте бірінші оқылымда қоғамдық кеңестер туралы заң жобасы мақұлданды

16 Қыркүйек, 2015 17:59
Мәжілісте бірінші оқылымда ілеспе түзетулерімен бірге қоғамдық кеңестер туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Ілеспе құжатпен бірінші оқылымда мақұлданған «Қоғамдық кеңестер туралы» заң жобасы барлық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына қоғамдық институттар мен азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін ұйымдастыру тәртібін бекітеді.

«Олар республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылады.Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл жасау заң жобасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, осы күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы ілеспе құжатпен бірінші оқылымда депутатар қолдауына ие болды. Онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіру жөніндегі негізгі өкілеттіктері бар уәкілетті орган айқындалады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың «сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг» сында басқа да жаңа шаралар қолданылады. Барлық шаралардың қорытындысы ретінде Агенттік жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндама дайындап оны Мемлекет басшысының қарауына енгізеді. Ұлттық баяндама әлемдік және ұлттық деңгейлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жай-күйге талдауды және оның даму үрдісін қамтитын стратегиялық маңызды құжатқа айналады.

Жалпы отырыста ілеспе құжатпен бірінші оқылымда мақұлданған тағы бір заң жобасы мемлекеттік қызмет туралы. Заң жобасында азаматтарды «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына іріктеудің жаңа жүйесі енгізіледі. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына алғаш рет немесе қайтадан кіріп отырған азаматтар мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін тестілеу, уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, азаматтарды жеке қасиеттерін зерделеу арқылы бағалау және жалпы конкурс сынды іріктеу сатыларынан өтеді. Конкурстық іріктеу жалпы және ішкі конкурсты қамтиды. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ротациясы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілер басқа жерге ротация кезінде жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етіледі.

Заң жобасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жүргізіледі, ол оның тәртібін, мерзімдерін және аттестатталатын мемлекеттік қызметшілердің санаттарын айқындайды.

Барлық жаңалықтар