- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаевқа Урал федералдық университетінің Құрметті доктор дипломы табысталды
Н.Назарбаевқа Урал федералдық университетінің Құрметті доктор дипломы табысталды
Кездесу барысында Свердлов облысының губернаторы Е.Куйвашев екі елдің арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуға және шекаралық өңірлер арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
Ал Урал федералдық университетінің ректоры В.Кокшаров Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекеттік қызметтегі айрықша еңбегін бағалаудың белгісі ретінде Құрметті доктор дипломын тапсырды. Ол сондай-ақ Мемлекет басшысына бірлескен бірқатар инновациялық жобалар бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтасып отырғанын, бұл жобалар таныстырылымы Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде өтетінін айтты.
Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Свердлов облысы мен Урал федералдық университеті Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы тығыз достық қарым-қатынастарды нығайтуда зор рөл атқарып отырғанын атап өтті.
«Сіздің университет индустриялық аймақтардың кадрлық әлеуетін қалыптастыру және дамыту ісіне Ресейде ғана емес, біздің елде де зор үлес қосып отыр. Менің білуімше, бүгінде Қазақстаннан 700-ге жуық студент Б.Ельцин атындағы Урал федералдық университетінде білім алуда. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен университеттің ынтымақтастық туралы келісімі болғаны маңызды», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті мүмкіндік туған жағдайда университет студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы алдында дәріс оқуға дайын екенін де мәлімдеді.
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы