• Басты
  • Ж.Омар: Абай – қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны (ФОТО)

Ж.Омар: Абай – қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны (ФОТО)

16 Қыркүйек, 2015 20:21
ШҚО-да ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойын тойлау аясында «Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.

Конференция жұмысына еліміздің әр өңірінен келген абайтанушылармен қатар, Қытай, Түркия, Венгрия және Ресей елдерінен келген ғалымдар қатысты.

«Абай – қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны. Ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасы, теңдессіз дана ойлары мен шығармалары бүкіләлемдік қазынаға қосылған алтын қор екені талассыз. Абайдың өз заманында қалған үлкен еңбектері, бүгінгі қоғам үшін өте маңызды. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы, жастарға терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйіп, қастерлейтін азаматтарды тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Сондықтан, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру үшін, біз Абайдың ұлы шығармаларын санамызға берік сіңіруге міндеттіміз», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Айта кетейік, конференция аясында «Абай оқулары - 2015» байқауы, «Абай даналығының мәйегі – Мәңгілік ел» дөңгелек үстелі және «Абай әндерінің кеші» атты мерекелік концерт ұйымдастыру жоспарлануда.

Барлық жаңалықтар