• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Садуақасова: Қазақстан тәуелсіздік жылдары жаңғыртудың белсенді жолын жүріп өтті

А.Садуақасова: Қазақстан тәуелсіздік жылдары жаңғыртудың белсенді жолын жүріп өтті

16 Қыркүйек, 2015 18:14
Қазақстан тәуелсіздік жылдары жаңғыртудың белсенді жолын жүріп өтті, жаңа экономика институты құрылды және әлеуметтік қоғам қалыптасып келеді, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы, әлеуметтік ғылымдар докторы Айгүл Садуақасова «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.

«Біртұтастылық және даму» реформасының міндеті  - ҚР Президенті Н.Назарбаев баса айтқандай бір болашақ ұлтын қалыптасытру болып табылады және азаматтық негізінде қазақстандық біртұтастылықты нығайту керек. Қазақстандық біртұтастылық Қазақстан егемендігін алған кезден бастап қалыптаса бастады», - деді сөз басында  А.Садуақасова.

Сарапшы атап өткендей,  Қазақстан аумағында тұратын халық бір мемлекеттің азаматы –қазақстандықтар.

Оның айтуынша, Қазақстан тәуелсіздік жылдары жаңғыртудың белсенді жолын жүріп өтті, жаңа экономика институты құрылды және әлеуметтік қоғам қалыптасып келеді. Осы кезеңде барша қазақстандықтардың алдында бүгінгі позициямызды бекіту және одан ары дамыту міндеті тұр.

«Қазақстан қалыптасқан мемлекет. Бұл туралы ҚР Президенті 2014 жылғы халыққа Жолдауында атап өткен. Жалпы, біз өзіміздің әлеуметтік және экономикалық деңгейімізді түсіне бастағанда белсенді даму деңгейіне көтерілдік. Бұл өз кезегінде әр қазақстандыққа өзін-өзі бағалауда жақсы серпін берді. Бұл өте маңызды», - деп баса айтты А.Садуақасова.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар