• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО-да АӨК саласында бірлескен зерттеулерді қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібі әзірленуде

ЕАЭО-да АӨК саласында бірлескен зерттеулерді қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібі әзірленуде

16 Қыркүйек, 2015 16:51
Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясы отырысында кедендік ынтымақтастық, өндіріс және агроөндіріс кшені салаларындағы мәселелер қаралды.

Комиссияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Коллегия мүшелері Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімінің жобасын мақұлдады. Оған сәйкес Комиссияға Еуразиялық экономикалық одақпен бірлесіп ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің  АӨК саласында бірлескен зерттеулерді қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін  жасақтау міндеттелген.

Болашақта жасақталған тәртіп Еуразиялық үкіметаралық кеңестің  отырысына қаралуға жіберіледі.

Барлық жаңалықтар