- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс ЕАЭО аясында дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидалары туралы келісімді ратификациялады
Мәжіліс ЕАЭО аясында дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидалары туралы келісімді ратификациялады
Парламент Мәжілісінің депутаттары «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау» және «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалардың) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын мақұлдады.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы өз жұмысын бастайды.
Сонымен, ЕАЭО елдері аумағында тек GMP стандарттарына (дәрілік заттардың сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын «алтын стандарт») сай келетін медициналық дәрілік заттар таратылады.
Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер ЕЭО аумағында Еуропалық одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыңғай ережелердің тіркеу қағидаларынан өткеннен кейін еркін айналымда болады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медициналық қолданылуларды таңбалау, айналымды қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ұлттық талаптар сақталатын болады.
Келісімді ратификациялау туралы ҚР Заңын қабылдау еліміздің ұлттық заңнама жүйесіне қайшы келмейді. Ол мүше-мемлекеттердің дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар саласындағы заңнамаларын үйлестіру арқылы сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, мүше-мемлекеттер халықтарының денсаулығын нығайтуға ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 29 мамырында ортақ қызметтер, тауарлар нарығы, капитал мен одаққа мүше мемлекеттердің жұмыс күшін жасақтау қарастырылған Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы келісімге қол қойылды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге 2014 жылдың 23 желтоқсанында қол қойылды.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады