- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазАгро агроқұрылымдардың 33 мың техника сатып алуын қаржыландырды
ҚазАгро агроқұрылымдардың 33 мың техника сатып алуын қаржыландырды
Осы уақыттағы ресейдің машина жасаушыларының өнімдері Қазақстанға техника жеткізуші компаниялардың жалпы көлемінің 23%-ын құрайды. Жалпы «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша республиканың агроқұрылымдары мен шаруашылықтарының 33 мың бірліктен астам ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтарды сатып алуы қаржыландырылды, ол елімізге жеткізілетін техниканың жалпы көлемінің 55%-дан астамаын құрайды.
Қайта өңдеуші жабдықтар мен техниканы жеткізу бойынша Холдингтің негізгі стратегиялық әріптестері - «Комбайновый завод Ростсельмаш» ЖШҚ, «Агромашхолдинг» ЖШҚ, «Четра восток» ЖШҚ, «Клевер»АҚ, «Петербургский тракторный завод» ЖАҚ, «Агрисовгаз» ЖШҚ, «Агро»АҚ сияқты ірі компаниялар болып табылады.
Ынтымақтастықтың өзара тиімді әлеуетті мүмкіндіктер туралы айта отырып Нұрлыбек Малелов оның барынша айтарлықтай үлкен екенін атап өтті. Оның айтуы бойынша республиканың АӨК белсенді дамыту кезіндегі Қазақстанның ауылшаруашылық техникасына 2020 жылға дейінгі қажеттілігі: 10 мың бірлік комбайнды, 60 мыңнан астам тракторды, 75 мың дәнсепкішті, 7 мың бірлік дән басқышты құрайды.
«Осының барлығы Қазақстанға техникалар жеткізуді қамтамасыз ету бөлігіндегі, сондай-ақ елдің аумағында бірлескен құрастырушы өндіріс құру бойынша жаңа серіктестер іздестірудегі бірлескен жұмысты жалғастыру үшін алғышартты құрады. Бізде қазіргі уақыттың өзінде ресей компаниясы «Комбайновый завод Ростсельмаш» ЖШҚ, «Vektor» комбайнын құрастыру бойынша, сондай-ақ ПАО «Камаз» компаниясымен КАМАЗ-дар мен тіркемелер құрастыру бойынша бірлескен машина құрастыру өндірісін құруда оң тәжірибе бар" – деді «ҚазАгро» ұлттық холдингінің басшысы.
Айта кетейік, Сочи қаласында XII Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығы форумы өтетіндігін естеріңізге саламыз, оған екі елдің Президенттері – Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.
Форумның іс-шарасы бағдарламасымен «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ресей-қазақстандық ынтымақтастық перспективалары» мамандандырылған көрмесін өткізу, шекаралық ынтымақтастық жөніндегі ресей-қазақстан отырысы, екі жақты жастар форумы көзделген. Бірлескен құжаттардың бірқатарына, соның ішінде ресей мен қазақстан аймақтарының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарлануда.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды