К.Сыроежкин: ОА экономикасын дамыту үшін ШЫҰ Банкін құру қажет

16 Қыркүйек, 2015 14:38
Орталық Азия өңірлерінде экономиканы дамыту үшін ШЫҰ Банкін құру қажет, деді Астанадағы Тұңғыш Қазақстан-Қытай сарапшылық форумы барысында ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Константин Сыроежкин.

«Ресей мен Қытай тарапынан бірыңғай халықаралық қауіпсіздік жүйесі бойынша ұсынылатын барлық бастамалардан Батыс бас тартуда. ШЫҰ Банкін құру қажет, бұл мекемесіз ШЫҰ экономикасы туралы сөз қозғау қажет емес. Екіншіден, ШЫҰ кеңістігінде қауіпсіздік стратегиясын қабылдау керек», - деді К. Сыроежкин.

Сарапшының айтуынша, қауіпсіздікке төніп тұрған қауіптерге баға беруден бастау қажет.

«Үшіншісі – ШЫҰ болжау орталығының құрылуы. Төртінішіден, ШЫҰ-ның  заңсыз көші-қонмен күресу бойынша тұжырымдамасының әзірленуі. Олар  ШЫҰ  Энергетикалық клубын құру, ШЫҰ өндірістік қауіпсіздігі конвенциясының қабылдануы   бағытында жұмыс істеу қажет», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар