- Басты
- Жаңалықтар
- Қытай Қазақстан жолдарының құрылысы мен жаңғыртылуына инвестиция құяды – сарапшы
Қытай Қазақстан жолдарының құрылысы мен жаңғыртылуына инвестиция құяды – сарапшы
«Қытайлық көшбасшы Си Цзиньпин Жібек жолын жаңа келбетте жаңғырту туралы идеясын алғаш рет 2013 жылы қыркүйекте Астанаға сапары барысында ұсынған болатын. Бір жылдан кейін ҚР Президенті халыққа Жолдауында көліктік-логистикалық бағытты дамытуға басымдық берілген «Нұрлы жол» бағдарламасын ұсынды. Осы рете қытайлық Жібек жолы тұжырымдамасы мен қазақстандық бағдарлама өзара ұқсас. Олардың екеуінде де аймақтық тасымал коммуникациясын дамытуға дең қойылған», - деді Е. Қарин.
Сарапшының пайымынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бейжіңге іс-сапары «Жібек жолы экономикалық белбеуі» және «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінің басталғаны және олардың өзара үндесіп отырғанын білдіреді. Осы ретте, Қытай қазақстанішілік жолдардың құрылысы мен жаңғыртылуын қаржыландыратын болады.
«Қазақстан бұл жобаны жүзеге асыруды бастап кетті, еліміз бойынша көлік жобалары жүзеге асырылуда, бар жобалар жаңғыртылса, жаңа көлік жолдары салынуда. Қытай Қазақстанның ішіндегі жолдардың құрылысы мен жаңғыртылуын қаржымен қамтамасыз етуге келісті», - деп толықтырды ол.
Анар Тәңірқұлова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды