Оқушыларға алдағы оқу жылына оқулықтар мамыр айында беріледі – ҚР БҒМ

16 Қыркүйек, 2015 13:49
Балалар кезекті сыныпты аяқтағаннан кейін кітапхана қорынан келесі оқу жылына қажетті оқулықтарды алатын болады, шамамен 23-25 мамырда, деп хабарлады ҚР БҒМ білім беру саласындағы ақпараттық технологияларды бақылу комитетінің директоры Жаңыл Жонтаева ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Балалар кезекті сыныпты аяқтағаннан кейін кітапхана қорынан келесі оқу жылына қажетті оқулықтарды алатын болады, шамамен 23-25 мамырда мектеп кеңесінің отырысынан кейін», - деді  Ж.Жонтаева.

Жыл бойы «Мектеп оқулығы» акциясын қосымша жүргізу ұсынылып отыр, ол оқушыларға қажетті кітапты алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол атап өткендей, кітапханашылардың біліктілігін арттыру және жұмысын жоспарлау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. 

Барлық жаңалықтар