• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сочиде Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады

Сочиде Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады

16 Қыркүйек, 2015 13:41
Бүгін Сочиде Қазақстан мен Ресейдің XII өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады. Шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысады.

Екіжақты қарым-қатынасты дамытуда 200 келісім шарт пен келісімдер негізінде құрылған  өңіраралық және шекаралық ынтымақтастықтың маңызы зор.

Айта кетсек, соңғы форум Атырау қаласында 2014 жылдың қыркүйегінде өткен болатын. Шарада көмірсутек саласында инновациялық технологиялардың қолданылу мәселелері мұнай-газ саласының сұрақтары қарастырылған болатын. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы әр түрлі саладағы қарқынды дамумен ерекшеленеді. Екі елдің ынтымақтастығының беріктігі Мемлекет басшыларының өткізіп тұратын кездесулері нәтижесінде нығая түседі.

Форумның негізгі тақырыбы – агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, Н.Назарбаевтың  Ресей Президенті В.Путинмен, сондай-ақ Свердлов облысының және Урал федералдық университетінің басшылығымен кездесулер жоспарланған. 

 

 

 

Барлық жаңалықтар