- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетауда педагогтарды даярлау мәселелері талқыланды
Көкшетауда педагогтарды даярлау мәселелері талқыланды
Конференцияны ұйымдастырушы – ҚР Білім және ғылым министрлігі.
Конференцияны өткізу педагогикалық кадрларды даярлау мәселесінде кездесетін проблемалардың түйінін анықтау, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне заманауи талаптарға жауап беретін құзыретті мамандар даярлаудың ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздерін айқындау, білім берудің өзекті проблемаларын талқылау, отандық және шетелдік білім беру жүйесін салыстыру арқылы оқытудың заманауи технологияларының озық үлгілеріне талдау жасауда оңтайлы шешімдер қабылдауға жол ашпақ.
Пленарлық мәжіліске Кембридж аймақтық колледжі, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, Ресей білім академиясы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ғалымдары қатысады.
Конференцияға келіп түскен баяндамалардың дені кәсіби кадрларды даярлаудағы ғылыми-әдіснамалық проблемалар, оқу процесін технологизацияландыру, болашақ мамандарды тұлғалық әлеуметтендіру, мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық мәселелерін қамтиды.
Мәжіліс жұмысының нәтижесінде ұйымдастырушылар ғылыми-теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде пайдаланатын, құрылымдық шешімдер қабылдайтын, отандық және шетелдік білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге сараптама жасай алатын, жаңа инновациялық технологияларды меңгерген оқытушының моделі құралатынын көреді.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері