• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақ хандығының 550-жылдығы:Бірде бір халық өзінің тарихи миссиясын түсінбей алда жүре алмайды

Қазақ хандығының 550-жылдығы:Бірде бір халық өзінің тарихи миссиясын түсінбей алда жүре алмайды

16 Қыркүйек, 2015 15:02
Бірде бір халық өзінің тарихи миссиясын түсінбей алда жүре алмайды, себебі мемлекетіміздің тарихын зерттеу бүгінгі күнтәртібіндегі мәселе. Бұл туралы БҚО-дағы «Орыс мәдениеті орталығы»ҚБ жетекшісі Сергей Погодин Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шара барысында айтты.

«Қазақ хандығының 550 жылдығы – біз үшін айтулы және тарихи дата. ҚР Президентінің Ұлытау бөктеріндегі ой-толғамдарында бірде бір емен ағашы тамыры болмаса тұра алмайды делінген болатын. Ал, біздің тамырымыз – ол біздің тарихымыз, мемлекетіміздің тарихы. Бұл мерекені атап өте отырып тарихымызға қарап қана қоймай, оны түсіне білуіміз де және болашаққа қарау білуіміз де керек», - деді С. Погодин.

Орталық жетекшісінің айтуынша, «Орыс мәдениеті орталығы»ҚБ БҚО-да Қазақ хандығының 550жылдығына арналған түрлі шараларды өткізді. Оның ішінде қазіқ тілі фестивалі, әртістердің қатысуымен өткен концерттер де бар. Мысалы, Орталықта қазақ қобызы, орыс баяны, татар гармоны және өзбек дутары бар оркестр жұмыс істейді.

«Бұл біздің мелекетіміздің этникалық сан алуандылығын насихаттау болып табылады.  Менің ойымша, бұл біздің күшіміз және «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудағы кепілдігіміз. Мен ҚР Президенті жоспарлаған бағдарламаларды табысты жүзеге асыратынымызға сенімдімін», - деп сендірді С. Погодин.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар