- Басты
- Қазақстанның 100-ге жуық темір жол станциясы электр қуатын үнемдейтін құрылғылармен жабдықталған
Қазақстанның 100-ге жуық темір жол станциясы электр қуатын үнемдейтін құрылғылармен жабдықталған

Қазіргі уақытта қуатты үнемдейтін 11588 жарық бергіш құралдары орнатылған. Ол ағымдағы жылдың аяғына дейін миллион кВт.сағ. электроэнергияның үнемделуіне мүмкіндік береді. Мұндай электр қуатын үнемдеу құралдарын ҚТЖ электрмен қамту дистанциялары өз күшімен орнатты.
Ескі жарық құрылғылары 2-3 айда істен шығатын болса, жаңа қуат құралдарының артықшылығы, олар бірнеше жыл ауыстыруды қажет етпейді.
Сапалы жарық беру құрылғыларын тәуліктің түнгі мезгілінде үзіліссіз қолдану нәтижесінде өндірістің көрсеткіштері жақсарып, күзет пен еңбек қауіпсіздігінің деңгейі жоғарылай түседі. Себебі теміржол станцияларында жүздеген вагондар жарық бергіш құралдары арқылы тексеріліп, жолаушылар мен жүк пойыздары өз уақытында жөнелтіледі.
«ҚТЖ-да қуат көздерін тиімді пайдалану шаралары жүргізіліп жатыр. Бағдарлама бойынша инфрақұрылым нысандарын, технологиялық үдерістердің энергетикалық тиімділігін жоғарылату, өтпелер мен станциялардағы сырты жарықтандыруды қайта жаңарту жұмыстары басталды. 2017 жылға дейін 31429 диодты жарық бергіш құралдарды алу жоспарланып отыр. Олар 177 станцияда орнатылатын болады»,- деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдік желі дирекциясы» филиалының директоры Жарас Изгулов.
-
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты
-
БҒМ: Электронды ҰБТ және мұғалімдерді вакцинациялау мәселелері
-
Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ
-
Жол бойында көрсетілетін қызмет сапасы арттырылмақ
-
Биыл түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады
-
Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады
-
Қ.Тоқаев: Локдауннан ертерек шығудың бірден-бір жолы – вакцина
-
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі
-
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Антикор басшысына тікелей өтініш жолдау мүмкін бе
-
Алаштың Ахаңы: өмір жолы мен өміршең идеялары
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім
-
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім

