- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің барлық байланыс әскери бөлімдерінде кешенді жаттықтыру өтті (ФОТО)
ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің барлық байланыс әскери бөлімдерінде кешенді жаттықтыру өтті (ФОТО)
Онда Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі бөлімшелерімен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтады. Әуе қорғанысы күштерінің барлық байланыс әскери бөлімдерінде кешенді жаттықтыру өткізілді. Далалық байланыс торабы жедел кезекшісінің белгісі бойынша батальондар жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді және толық құрамда қолдану аудандарына марш жасады.
Өрістету орындарына келгеннен кейін тропосфералық станциялардың бастықтары алдын ала барлауды жүргізді және бағынысты экипажға тапсырмалар берді. Бұл далалық оқу-жаттығуда бөлім командирі полковник Ойрат Әтікеновтің басшылық етуімен 78460 әскери бөлімінің әскери қызметшілері капитан Валерий Көбелдесов, Әнуар Мұсатаев, аға лейтенант Виктор Митин және лейтенант Ербол Медеубеков ерекшеленді.
Бұл әскери қызметшілер байланыс батальоны командирінің картасы бойынша станцияны өрістетуді сенімді басқарды. Сонымен қатар сапалы және сенімді байланысты қамтамасыз етіп, антеннаны тілшіге дәл бағыттаған тропосфералық байланыс ротасының командирі майор Равшан Душабаев жақсы жағынан көрінді. «Әскери бөлімнің жеке құрамы үшін апта сайын өткізілетін жауынгерлік және тактикалық-саптық даярлық жоспарына сәйкес жыл сайын экипаждар үйлесімді жұмыс жасауда, өздерінің машығы мен кәсіпқойлығын арттыра отырып, қойылған тапсырманы уақтылы және сенімді орындайды», деді 78460 ә/б командирі полковник Ойрат Әтікенов.
Далалық жаттығу қорытындысы бойынша жеке құрам қойылған тапсырманы орындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
«Далалық шығудың қысқа мерзімі ішінде оқу-жаттығу сапалы өтті. Жеке құраммен радиолокациялық станцияларға арналған орлар қазылды, бүркемелеу және байланыс орнату ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бойынша сабақтар, сондай-ақ диверсиялық барлау топтарының шабуылдарын тойтару жөнінде қосымша кіріспелер өткізілді», - деп атап өтті Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы бас штабы бастығының орынбасары полковник Ғани Байсейітов.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда