• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысының делегациясы XII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады

Қостанай облысының делегациясы XII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады

16 Қыркүйек, 2015 12:29
Қостанай облысының делегациясы Сочи қаласында Қазақстан мен Ресей Президенттерінің қатысуымен өтетін XII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, делегацияны аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов басқаратын болды.

Айта кетейік, форумның негізгі тақырыбы – агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Шараға 60 қазақстандық тауар өндірушілер қатысатын болады. Қостанай облысынан  «Баян-Сұлу»АҚ, «Қостанай Ұнкомбинаты» АҚ, «Милх» ЖШС қатысады, олар өздерінің 100-ге жуық өнім түрлерін ұсынбақшы.

«Аталмыш форум аясында Челябі облысындағы «Чурилово»  агрокешені мен «Тобол» ӘКК арасында «Қостанай облысында жылыжай кешенін салу туралы»  бірлескен жобаны жүзеге асыру Меморандумына  қол қою жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Қостанай облысы әкімінің Свердловск облысы губернаторымен кездесуі жоспарланған. 

Барлық жаңалықтар