Қ.Тоқаев: БҰҰ рөлі халықаралық істерде нығая беруі тиіс

16 Қыркүйек, 2015 10:59
Біріккен Ұлттар Ұйымы беделді, ұқсастығы жоқ әмбебап құрылым болып қалуы тиіс, деді ТАСС-қа берген сұхбатында ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қ.Тоқаев атап өткендей, жаһандық әлем мәдениеті, жаңа ұрпақтың моральдық құндылығы, өркениетаралық өмірдің ұстанымдары ұлт қауымдастығы қатысушыларының тарапынан толық түсіну мен сезінуді талап етеді.

 «БҰҰ туралы айта отырып, біз әлемдік өркениет қауымдастығын елестетеміз. «ХХ жүзжылдықтағы адамзаттың ең үздік туындысы» ретінде ұйым болашақта да өзінің бірегейлігін көрсетуі тиіс. Егер нақты сынақтар туралы айтатын болсақ, қауымдастыққа ядролық қаруды дамыту үрдісін тоқтату қажет. Бұл өмірлік маңызы бар мәселе», - деді ол.

Сенат төрағасының пікірінше, жаһанданудың барлық үрдісін басқару мүмкін емес, алайда адамзат оның негативті салдарына душар болып жатады. Ол  әр түрлі елдегі тұрақсыз даму, заңсыз көші-қон, климаттың өзгеруі, ауа мен трансшекаралық су көздерінің ластануы сынды мәселелер.

«Бұл проблемаларды  әлемдік қауымдастық шешуге қауқарлы. БҰҰ беделді, ұқсастығы жоқ әмбебап құрылым болып қалуы тиіс», - деді Қ.Тоқаев.

 

 

Барлық жаңалықтар