ОҚО-ның аудандық сотында оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

16 Қыркүйек, 2015 10:41
Бәйдібек аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті. Аталған орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары арнайы шақырылды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, шараны өткізудің басты мақсаты жас буын өкілдерінің құқықтық санасын көтеру және сот жүйесімен таныстыру болды.

Сот төрағасы өз сөзінде сот жүйесінің мақсаты мен қызметі туралы, қолданыстағы жаңа технологиялар, медиация заңы туралы айтып, оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара соңында оқушыларға сот ғимаратына экскурсия өткізіліп, олар сот мұрағаты, мәжіліс залдары, кеңсе мен судьялардың қызметтік бөлмелерімен танысты.

Барлық жаңалықтар