Көкшетаудың көп қабатты үйлерінде лифтілер қалпына келтірілуде

16 Қыркүйек, 2015 10:23
Осы жылы Көкшетау қаласының көп қабатты тұрғын үйлерінде 19 лифт жөнделді, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, қалада аулалар да абаттандырылып жатыр. Қазіргі таңда 5 ауланың жұмысы аяқталуға жақын. Мердігерлік ұйымдармен 146 млн 239 мың теңгенің келісім шарты орнатылған болатын.

Жоба кедергілерді орнату, асфльт жабындысы мен негізін салу, құдықтарды көтеру, шағын сәулет құрылымдарын орнату, аула ішіндегі жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстарын қамтиды. Мердігерлердің айтуынша, жұмыстың 98 пайызы орындалған.

 

Барлық жаңалықтар