Қазақстанда жекешелендіру аясында 201 нысан сатылды – Қаржы министрлігі

16 Қыркүйек, 2015 09:48
2015 жылдың 14 қыркүйектегі жағдай бойынша 201 нысан сатылды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Саудаға 379 нысан  шығарылып, 201 нысан сатылды, республикалық меншік бойынша - 10, коммуналдық меншік бойынша - 88, ӘКК - 58, холдингтер бойынша - 45.

Сондай-ақ, сатылымның қаражаты былай бөлінді: республикалық бюджетке   2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 294 млн. теңгеден астам қаржы, холдингтер 60 850 млн теңге, ӘКК 2 919 млн. теңге.

Айта кетейік, сатылым кестесінне сәйкес, 2014-2015 жылдарға 491 нысанды сату белгіленген. 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың қыркүйегінде 407 нысан жекешелендірілді.

 

Барлық жаңалықтар