- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық өнім өндірушілер Ресейге шығатын экспорт көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр
Қазақстандық өнім өндірушілер Ресейге шығатын экспорт көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр
Іс-шараның аясында «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығының перспективалары» деп аталатын мамандандырылған көрме өткізу жоспарлануда, онда ресейлік өндірушілерден басқа 60-тан астам қазақстандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдардың өкілдері қатысады, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ баспасөз қызметі.
Владимир Розметов Атырау облысынан келген көрмеде өз өнімдерін қоятын 5 кәсіпорынының бірі "Сарайшық" БК басшысы. Шаруашылықтың қаз өсіретін фермасы, 150 га алаңда алма бағы, 1000 басқа арналған шошқа фермасы бар. Қой, түйе және жылқының үлкен табыны бар. Шаруашылық кәсіпорындарында бүгінгі таңда 700 жұмысшы жұмыспен қамтылған.
Алайда, "Сарайшық" БК ерекше мақтанышы ол – ешкі сүтінің өндірісі. 800 бас асыл тұқымдық голландия ешкілерінен тәулігіне шамамен 500 литр сүт сауып алынады, олардан шаруашылық 12 түрлі – ірімшік пен сүзбеден бастап сары май мен йогуртқа дейінгі қайта өңделген өнімдер шығарады. Ішкі нарықтан басқа, тауар көрші орналасқан елдерге – Татарстан мен Волгоград облысына да жеткізіледі. Розметовтың айтуы бойынша, шаруашылық келесі жылы өндірісін екі есеге дейін кеңейтуді жоспарлап отыр, сондықтан форум мен көрмеге қатысу арқылы әріптестер тауып және экспорттық бағытын кеңейтуге қызығушылық танытуда.
Дәстүрлі түрде, Атырау балық өңдеу компанияларымен кеңеінен танымал. Мысалы, «Аманкелді» ӨК 2014 жылы 6 мың тонна өз өнімдерін экспорттады. Балық пен оның қайта өңделген өнімдерінің кеңейтілген ассортименті Ресейге, сондай-ақ еуропа елдері – Франция мен Германияға жеткізіледі Ағымдағы жылдан бастап бұл бағыттарға 4 тонна өнім тиеліп жөнелтілген.
Павлодар облысының мұздатылған жартылай дайын өнімдерінің өндірушісі - "SMAK PV" ЖШС шамамен 3 мың тонна тұшпара мен басқа өңделген өнімдер шығарады. Тауар, іс жүзінде республиканың барлық облыстарына, сондай-ақ көрші Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларына, солтүстік және шығыс өңірлеріне жеткізіледі. Кәсіпорынның басшысы Сергей Чернов айтқандай, Сочидағы көрме көрші елдің туристік аймақтарына тауар жеткізу есебімен өздерін таныстыруға жақсы мүмкіндік береді. «Біздің өнімдердің қазақстандық дәмі ресейліктерге өте ұнайды, осы жерде де елдің оңтүстігінде де ұнауы тиіс», - деді павлодардың қайта өңдеуші компаниясының директоры.
Көрменің экспоненттері ауыл шаруашылығының келесі бағыттарын ұсынады: сүт өнімдері, ет және шұжық өнімдері, жеміс-көкөніс өнімдері, кондитерлік өнімдер, алкогольдік және алкогольсіз сусындар, май өнімдері, ұн мен макарон өнімдері, бал және ара өсірушілік шаруашылығы өнімдері, панта өнімдері, жас жемістер және балық өнімдері мен түйетауық еті. Осы бағыттардың көбі «ҚазАгро» ұлттық холдингінің инвестициялық қызметінің алаңы болып табылатындықтан, көрмеде Холдингтің компаниялары қаржыландыратын қазақстандық агроқұрылымдар кеңінен ұсынылатын болады.
Алдағы өтетін форумның тақырыбы «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету». Форумның шеңберінде ресей мен қазақстандық қатынастардың өзекті мәселелері және Еуразиялық экономикалық одақ пен басқа аймақтық бірлестіктер шеңберіндегі интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.
Форум іс-шарасының бағдарламасымен сондай-ақ, «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ресей-қазақстан ынтымақтастығы» мамандандырылған көрмені, шекаралық ынтымақтастық жөніндегі ресей мен қазақстанның іскерлік кеңесінің отырысын, екі жақты жастар форумын өткізу көзделген. Ортақ құжаттардың бірқатарына, соның ішінде ресей мен қазақстан аймақтары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою жоспарлануда.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті