- Басты
- Жаңалықтар
- В.Салахов: Қазақстанда археологиялық жұмысты күшейту керек (ФОТО)
В.Салахов: Қазақстанда археологиялық жұмысты күшейту керек (ФОТО)
«Біз Зеренді ауданын шамамен 300 шақырым радиуста әртүрлі бағытта аралап, қызықты, тарихи жерлермен таныстық. Біз соңғы жылдары еліміздің және шетелдің археологтары қазба жұмыстарын жүргізген жерлерде болып, тың мәліметтермен таныстық. Онда ислам кезеңін, яғни 3-4 ғасырды, тіпті одан да ерте кезеңді қамтитын қорғандар мен қорымдарды таптық. Қазақ жерінің өткен тарихын қалпына келтіру үшін осындай орындарда жұмыстардың жүргізіле бастағаны қуантады. Біз Абылай ханның ұлы Уәли хан қорғанында болдық. Уәли хан мазары Зеренді топырағында орналасқан. Әрине, бұның барлығы – ғылыми тұрғыдан алып қарағанда үлкен тарихи құндылықтар», - деді Видади Салахов.
Экспедициясы барысында ғалымдар шалғайдағы ауылдарға ат басын бұрып, тұрғындарымен де кездесті. Олар көмектерін аямай, жол сілтеп, пайдалы ақпараттармен бөлісіп отырды.
«Ауыл халқы өте қонақжай, бізді жақсы қарсы алып жатыр. Айта кетейік, жергілікті тұрғындар елді мекендерінің маңында орналасқан тарихи жерлер туралы көп біледі. Бұл өте құнды ақпарат, біз олардан көп нәрсе білдік, өйткені мәлімет ұрпақтан ұрпаққа ауызша тарап отырады. Сондықтан, біздің археологтарға қайда және не іздеу керектігі туралы айтып беретін адамдар жеткілікті», - деп қорытындылады ғалым.
Фото Азамат Әлиев
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі