- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның БҰҰ ҚК өтінімі және «ЭКСПО 2017» көрмесі Сауд Арабияда ұсынылды
Қазақстанның БҰҰ ҚК өтінімі және «ЭКСПО 2017» көрмесі Сауд Арабияда ұсынылды

Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) Бас хатшысының орынбасары Мұхаммед Наим Хан және Сауд Арабиясының мемлекеттік органдары, қоғамдық ұйымдары,сондай-ақ саудтық БАҚ және дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
А.Мусинов Қазақстанның ғаламдық деңгейдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы қосып келе жатқан үлесі туралы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына және Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалығы кезінде жинақтаған тәжірибесіне жөнінде, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау үдерісінде процессінде көрсеткен көшбасшылық саясатын атап өтті.
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдары тұрақсыз мүшелігіне кандидат ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам құқтарын сақтау, энергетикалық проблемалар, азық-түлік және су қауіпсіздігі мен климаттық өзгерістер мәселелеріне үлкен көңіл бөлетіндігіне назар аударылды.
Іс-Шарада сөз сөйлеген Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мұхаммед Наим Хан Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі басымдықтары көбіне ИЫҰ-ның қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы негізгі міндеттерімен сәйкес келетініне назар аударды,соның ішінде ядролық қарусыздану, азық-түлік қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау. М.Наим Хан ИЫҰ-на мүше барлық мемлекеттер Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары саяси беделі мен оның қазіргі замандық көптеген өзекті проблемаларды шешуге қосып келе жатқан үлесіне қолдау білдіретінін және бұл саясат Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне лайықты кандидат ретінде көрсететінін жеткізді.
ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын (АҚИҰ) құру туралы бастамасын ерекше атап өтті. ИЫҰ құрамындағы елдерді ү.ж. қазан айында Астана қаласында өткізілуі жоспарланған АҚИҰ Бас Ассамблеясына қатысуға шақырды.
«ЭКСПО-2017» презентациясы аясында іс-шараға қатысушылар аталған халықаралық көрменің тақырыбымен және оның нысандарының құрылысымен таныстырылды. Қонақтардың назарына көрме туралы бейнефильм ұсынылды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар

