Қазақстанда басымдық берілген 19 елге визасыз режим енгізілді

16 Қыркүйек, 2015 08:56
Қазақстан шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін 19 елге визасыз режим енгізді, деп хабарлады ҚР ИДМ.

Айта өтейік, Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария және Жапония инвесторлары  Қазақстан енгізген визасыз келіп-кететін елдердің тізіміне енді.

ҚР ИДМ 2015 жылдың қаңтарынан бастап өткен жылы Мемлекет басшысы қабылдаған инвестицияға мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруды бастады.

Бүгінде Қазақстан инвестициялық ахуалды жетілдіру үшін мыналарға назар аударады: инвестициялық ахуалды ЭЫДҰ стандарттарына сай жетілдіру; шетелдік инвестиция мен трансұлттық компанияларды тарту бойынша жұмыстарды күшейту; елдік қағидаттар бойынша ынтымақтастық; халықаралық қаржы ұйымдарымен (ББ, ЕДҰБ, ИДБ, АДБ) ынтымақтастықты арттыру; АЭА қызметін жетілдіру; Индустриаландыру Картасына мониторинг; инвестициялық қолдау бойынша қызмет.

Барлық жаңалықтар