ИИДМБ: Ақмол ауылындағы құрама жем зауыты 2015 жылы 1000 тонна астық өндірді

15 Қыркүйек, 2015 18:17
Ақмола облысы Целиноград ауылы Ақмол ауылындағы құрама жем зауыты осы жылғы егін науқанында 1000 тонна астық өндірді, деді баспасөз туры барысында «Ақмола–Феникс» АҚ бас агрономы Денис Плужник.

Зауыт 2014 жылдың желтоқсан айында индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында пайдалануға берілді. Өндірістік қуаттылық – жылына 100 мың тонна.

«Құрама жем зауытында сағатына 15 тонна өнім өндіріледі. Қондырғы сағатына 15 тонна астық кептіреді, 6 мың тонна астық сақтайтын сиымдылық бар. Жоба 2014 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді. 2015 жылдың егін науқанына кептіру жүргізілді, қазір 1000 тонна өндірілді», - деді Д.Плужник.

Кешен бройлерлік құс фабрикасын қайта жөндеу инвестициялық жобасы бойынша іске қосылды.

Бас агроном айтып өткендей, құрама жем өндіретін зауыт 2019 жылы өнімділік қуаттылығын  екі есеге өсіріп, жылына 200 мың тоннаға жеткізу қарастырылған.

«Біз бройлер бойынша бірінші кезеңде 20 мың тоннаға, оны жылына 40 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Ол үшін құрама жем зауыты шақталған», - деді ол.

Айта кетейік, кәсіпорында 20 адам жұмыс істейді. Ұжым қондырғылардың техникалық жұмыс істеуін қадағалайды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар