- Басты
- Жаңалықтар
- Жұмыспен қамтудың кешенді шараларын жүзеге асыру аясында 269 мың адам жұмысқа орналастырылды
Жұмыспен қамтудың кешенді шараларын жүзеге асыру аясында 269 мың адам жұмысқа орналастырылды
Арғындықов атап өткендей, Қазақстанда ағымдағы жылдың 2 тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші экономикалық белсенді тұрғындарға шаққанда 5%-ды құрап отырғанын мәлімдеді. Жұмыссыздар саны 448,5 мың адамды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 3,4 мың адамға немесе 0,7%-ға төмендеді.
Бірінші - өндіріс жұмысын тоқтатпау және қызметкерлерді қысқартуға жол бермеу. Бұл бағытта ҚР ДСӘДМ мамандары аймақтық әкімдермен бірлесе отырып тұрақты түрде қаланы құраушы ірі өндіріс орындарына мониторинг жасайды. Бұл орын алған мәселелер бойынша шұғыл түрде шара қолдануға мүмкіндік береді. Оның ішінде жұмыс орындарын сақтап қалу үшін қызметкерлерді толық емес жұмыс аптасына ауыстыру, қысқартылған жұмыс уақытын қолдану, уақытша өзге жұмысқа орналастыру және т.б. сияқты шаралар қолданылады. Жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында Астана, Алматы және облыс әкімдіктерінің, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасында 71 мыңнан астам меморандумға қол қойылды.
Екінші – 322 мың адамды қамту жоспарланған аймақтық жұмыспен қамтудың кешенді шараларын жүзеге асыру. Бұл жоспарлар бойынша азаматтарды жұмысқа орналастыру Жұмыспен қамту жол картасы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және өзге де мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясындағы жобалар арқылы жүзеге асырылуда.
«Бүгінгі таңда 269 мың адам жұмыспен қамтылды (жылдық жоспарланған көрсеткіштің 80-нен астам пайызы), оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 172 мың адам орналастырылды», - деп хабарлады ҚР ДСӘДМ «ЖҚП АТО» президенті.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді