• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шетелдік сарапшы мемқызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі элементтерімен таныстырды (ФОТО)

Шетелдік сарапшы мемқызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі элементтерімен таныстырды (ФОТО)

15 Қыркүйек, 2015 18:32
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Transparency International» бағдарламасының директоры Марк Пайманның «Жемқорлыққа қарсы идеологияны қалыптастыру: бүгінгі болмысы мен келешегі (Скандинавия елдерінің, Сингапур және басқалардың тәжірибесі) тақырыбына семинары басталды, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі.

Семинардың ашылуында  Академия ректоры Болатбек Абдрасилов құттықтау сөз сөйлеп,  осы іс-шараның қатысушыларына  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру    бойынша елде жүргізіліп жатқан  жұмыстар, атап айтқанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шаралары, Қазақстан Республикасының  2015–2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары  туралы айтып берді.        

Үш күндік семинарға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, орталық және жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілері қатысады.    

Доктор Марк Пайман жемқорлыққа қарсы күрес және жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша танымал сарапшы  болып табылады. Транспаренси Интернэшнл-да (Transparency International) 2004 жылдан бері қызмет атқарып, үлкен бағдарламаның негізін қалады  және  басқарды,  сол бағдарлама шеңберінде үкіметтегі жемқорлық мәселелерін конструктивті шешу жолдары әзірленіп, жүзеге асырылды.  

Ол көптеген елдерде, атап айтқанда қорғаныс министрлігі мен қарулы күштер секілді күрделі  секторларда жемқорлыққа қарсы тиімді бағдарламаларды жасау бойынша өз жұмыстарымен әлемге әйгілі. Ұлыбритания үкіметінде  ірі мемлекеттік жобаларға үкіметтік сараптаманы жүзеге асыратын   жауапты лауазымдарды атқарды.  

Семинар барысында сарапшы  мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі элементтерімен және  басқа елдердің жемқорлыққа қарсы тәжірибесімен таныстырады. 

 

Барлық жаңалықтар