• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қаржы министрлігі: 2016 жылы республикалық бюджет түсімі 6 трлн теңгені құрайды

Қаржы министрлігі: 2016 жылы республикалық бюджет түсімі 6 трлн теңгені құрайды

15 Қыркүйек, 2015 16:32
2016 жылы республикалық бюджет түсімі 6 трлн 595,4 млрд теңгені құрайды, деді ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Парламент Мәжілісіндегі 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының таныстырылымында.

« «2016-2018 жылдарға арналған республикалық  бюджет туралы» заң жобасы  ҚР 2016-2020 жылдарға арналған  бюджеттік пішіндерді дамыту мен әлеуметтік-экономикалық даму жоспары  негізіндегі Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді. Заң жобасы елдің әлеуметтік-экономикалық   дамуының  жүзеге асуының  негізгі бағыттарын  көрсетеді», - деді министр.

Ол атап өткендей, мемлекеттік бюджеттің  негізгі тапсырмасы  шикізатқа баға төмендеген жағдайда бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып саналады. Сондай-ақ, экономикалық қауіпсіздік пен сыртқы капитал көздеріне тәуелділіктен арылту, халықтың әлеуметтік аз қамтылған  деңгейіне қолдау көрсету, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына қолдау көрсеті сынды мәселелерді қарайды.

«Республикалық бюджетке түсетін қаржы 2016 жылы 6 трлн 595,4 млрд теңгені құрайды,  оның 293,3 млрд теңгесі – кірістердің көбеюі, 321,7 млрд теңгесі – трансферттердің түсімін көбейту. 2017 жылы 7 трлн 133,3 млрд теңге – ол 2016 жылдың  болжамынан 534,9 млрд теңгеге көп. 2018 жылы – 6 трлн 904,7 млрд теңге ол 2017 жылғы болжамнан аз», - деді Б.Сұлтанов.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар