- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде рельстерді қалыпқа салып илемдеудің сапасын тексеруге арналған Қазақстандағы бірінші зертхана ашылды
Ақтөбеде рельстерді қалыпқа салып илемдеудің сапасын тексеруге арналған Қазақстандағы бірінші зертхана ашылды
Бұл Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығында тиісті аттестат алғаннан кейін іске асты. Зертхана «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес құрылымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен (бұдан әрі – Банк, ҚДБ) қаржыландырылған Ақтөбе рельс арқалық зауытының (АРАЗ) құрылысы жобасының бір бөлігі болып табылады. АРАЗ-ды пайдалануға тапсыру биылғы жылдың соңында жоспарланып отыр.
Сынау зертханасында зауыт өндіретін өнімдердің сапасы 16 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді тексерілетін болады: аққыштығы, мықтылығы, химиялық құрамы, қаттылығы, ұзындығы, тұтқырлығы және т.б. Еуропада өндірілген автоматтандырылған жабдық материалдардың күрделі металлографикалық, макроқұрылымдық және физика-математикалық сынауын жүргізу мүмкіндігін береді. Келешекте зертхана рельс арқалық зауытының өнімін сертификаттаумен қатар, басқа да металл өнімдерінің өндірушілерін сертификаттай алатын болады.
«Біздің зертхана өнімдердің қабылдау-тапсыру сынақтарын Кеден одағының техникалық ережелеріне сәйкес өткізетін болады. Рельстердің қаттылығын, соққылық тұтқырлығын және мықтылығын және қалыпқа құйып илемдеуді зертханалық сынау ең алдымен пайдалану қауіпсіздігін барынша қамтамасыздандыруға бағытталған, өйткені зауыттың өнімі тұрғын үй құрылысына және жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын теміржол қатынас жолдарына арналған. Ресей мен Италияның сынау орталықтарында оқыған зертхана қызметкерлері материалдардың алғаш физикалық-механикалық және химиялық сынақтарын өткізіп, сынамаларды дайындап жатыр», - деді «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС (АРАЗ) орталық зауыт зертханасының бастығы Бекали Турабеков.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен