Сенат Алматыда ДДҰ кеңсесін ашу туралы заң жобасын мақұлдады

15 Қыркүйек, 2015 16:18
Астанада ҚР Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму мен ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Талқылау нәтижесінде комитет мүшелері Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңсесін ашу туралы заң жобасын Сенат қарауына жіберуді және Палатаның мақұлдауын қолдады. 

«Аталмыш кеңсе С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ медицина университетінің базасында ашылады. Денсаулық сақтау саласының барлық салаларында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету негізгі арқасүйер болып табылады. Денсаулық сқатау саласының дамыған үздік үлгілерінде халықтың алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсетуімен жағдайлардың  80% аяқталады. Ал, Қазақстанда науқастардың басым бөлігі қымбат стационарлық ем қабылдауға  иек артады», - деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекова

Оның айтуынша, Алматыдағы ДДҰ кеңсесі халықаралық талаптарға сай көмек көрсететін болады. Барлық учаскелік дәрігерлер, жалпы тәжірибе дәрігерлері үздік халықаралық сарапшылардан үйрене алады.

«Аталмыш кеңсені қаржыландыру республикалық бюджетте қарастырылған. Қаржының бір бөлігі денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрлігінің әкімшілік бағдарламаларының бірінде», - деді ол.

Барлық жаңалықтар