• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Даму» қоры өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлер үшін ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген қаражатты толық игерді

«Даму» қоры өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлер үшін ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген қаражатты толық игерді

15 Қыркүйек, 2015 15:47
«Даму» қоры өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлер үшін ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген қаражатты толық игерді. Осы туралы "Даму" Қорының Басқарма төрағасының орынбасары Мирас Бейсембаев Алматы қаласындағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің филиалында өткен брифингте мәлімдеді.

Оның мәліметінше, 2014 жылдың желтоқсан айында өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлер үшін ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген 50 млрд. теңге көлеміндегі екінші транш 90,6%-ға игерілді. 10.09.2015ж. ахуал бойынша 45,2 млрд.теңге сомаға 258 жоба қаржыландырылды. Қазір екінші деңгейлі банктер 14,7 млрд. теңге сома болатын 74 жобаны қарауда. 48,2 млрд. теңге сомаға 265 жоба мақұлданды.

«Өтінімнің көбі тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерден келіп түсті. Мұнда 20,2 млрд. теңге сомаға 109 жоба берілді. Металлургия мен машина жасау саласындағы 28 жоба 6,9 млрд. теңгемен қаржыландырылды. Банктер 6,5 млрд. теңге сомаға құрылыс материалдарын өндіру саласындағы 45 жобаны қаржыландырды», - деп түйіндеді Қор басшысының орынбасары Мирас Бейсембаев.

Екінші деңгейдегі 5 банк: («Цеснабанк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Ресейдің Жинақбанкі» АҚ ЕБ және «Казкоммерцбанк» АҚ) өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарды қолдау бағдарламасын іске асыруға өздеріне бөлінген қаражатты толықтай игерді. Қалған банктер де қаражатты игеруді аяқтауға жақын. Ұлттық Қор қаражатын игеру бойынша көшбасшы аймақтар арасында Алматы қ. – 7 млн.теңге сомаға 33 жоба; Оңтүстік Қазақстан облысы – 5,7 млн.теңге сомаға 21 жоба; Қостанай облысы – 4,2 млн.теңге сомаға 14 жоба; Павлодар облысы – 3,6 млн.теңге сомаға 22 жоба және Астана қ. – 3,5 млн.теңге сомаға 19 жоба.

Ұлттық Қор қаражатын игеру бойынша Атырау мен Қызылорда облыстары соңғы орында. Оларда 525 млн. теңге мен 473 млн. теңге сомаға сәйкесінше 4 және 6 жобадан келеді.

 

Барлық жаңалықтар