Семейде «Солтүстік» сауда-логистикалық орталығы ашылды

15 Қыркүйек, 2015 15:03
Семейде «Энергетик» шағын ауданында «Солтүстік» ТЛО ашылды. Ол Омбы-Майқапшағай автожол трассасына шығады, деп хабарлады әкімдік.

Кешеннің жалпы құны 750 млн. теңгеден астам қаржыны құраған екен. Нысанның құрылыс жұмыстары 3 кезеңге бөлініп, бүгінде, алғашқы жоспарға сәйкес, сауда орталығының құрылысы аяқталған. Енді  тауар сақтайтын үлкен қоймалар салынбақ.

«Атап айтқанда, орталық басшылығы тұрғын үй кешені мен мектепке дейінгі мекеменің құрылысын бастауға ниетті екен. Себебі, алдағы уақытта Қарағайлы жаңа ауданы бой көтеретіндіктен, жергілікті тұрғындар балабақша тапшылығын көрмеуі тиіс екенін айтады», - деді  «Солтүстік» сауда-логистикалық орталығының директоры Руслан Әубәкіров. 

Қазіргі таңда аталмыш мекемеде 50 адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 150-ге дейін артады деп жоспарлануда. Мұнда сауда жасауға барлық жағдай қарастырылған. Санитарлық тазалықтан бастап, қасапхана мен зертхана орны тиісті талапқа сай ұйымдастырылған екен. Сондай-ақ Руслан Әубәкірұлы қойма терминалы іске қосылғаннан кейін, орталыққа темір жол желісінің де тартылуы ықтимал екенін атап өтті.

  Аталмыш сауда орталығында ауыл шаруашылық өнімдерін саудалаған кәсіпкерлер мен тұтынушылар да қолайлы жағдай үшін және бағаның қол жетімділігі үшін айтар ал-ғыстары шексіз. Саудагерлер қыстың сары шұнақ аязында тоңбай, жылы орында өз нәпәқаларын табу мүмкіндігіне ие болып отыр. Тағы бір қуантарлығы, мұнда сақтық шаралары жақсы жолға қойылған. Мәселен, алыпсатарлар бұл жерде бой көрсетпейтін болады. 

Мерекелік жәрмеңкені аралап, бірегей жобаның жүзеге асқанына ризашылығын білдірген шаһар басшысы бұл жердегі азық-түлік қала бойынша ең төменгі бағада саудалануы керек екендігін атап өтті.   

 

 

Барлық жаңалықтар