• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Бақтыгереева: Қазақ хандығының 550 жылдығы – барша қазақстандықтар үшін ұлы мейрам

А.Бақтыгереева: Қазақ хандығының 550 жылдығы – барша қазақстандықтар үшін ұлы мейрам

15 Қыркүйек, 2015 14:32
Қазақ хандығының 550 жылдығы – барша қазақстандықтар үшін ұлы мейрам, деп хабарлады Жазушылар одағы батыс-қазақстандық облыстық филиалының төрағасы, ақын Ақуштап Бақтыгереева «Мәңгілік Ел» театрландырылған қойылымы барысында.

«Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту - барша қазақстандықтар үшін ұлы мейрам.  Халқымыз ата-бабаларын мақтан тұтуы керек. Мен Қазақстанның екінші атауы –Ұлы Дала мемлекеті дегенді қолдаймын, және болашақ ұрпақ төл тарихы мен мәдениетін білуі керек деп есептеймін»,  - деді ақын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығы ҚР Президенті ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда маңызды бөлшек болып табылады.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар