- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК ӘҚК әскери авиациясы «Жауынгерлік достастық-2015» оқу-жаттығуына дайындықты бастады (ФОТО)
ҚР ҚК ӘҚК әскери авиациясы «Жауынгерлік достастық-2015» оқу-жаттығуына дайындықты бастады (ФОТО)
Алмасу мақсаты «Сарышаған» әскери полигонында өткізілетін «Жауынгерлік достастық-2015» ТМД әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесі шеңберінде жауынгерлік атысы бар бірлескен оқу-жаттығуларға авиацияның қатысуы.
Су-25 және МиГ-29 ұшақтары өзінің сипаттамалары бойынша әлемдегі үздік ұшақтар қатарында тұр, ал оларды жеке алғанда баламалары жоқ. Олардың атыс қуаты, жоғары дәл қаруды қолдану қабілеттілігі барлық өткізілетін тактикалық оқу-жаттығуларда көрсетілді.
«Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес ӘҚК Әскери-әуе күштері әскери бөлімдерінің ұшу құрамы жерүсті және әуе нысаналары бойынша жоғары дәл қаруды қолдана отырып, практикалық оқ атуларды орындайды. Майдандық авиация зымырандарының іске қосылуы әуе атыстарының нақты белгілі бір ауданында жүргізілетін болады. Ұшқыштардың әрқайсысына шартты қарсыластың нысанасын айқындап, жою күтіп тұр», - делінген хабарламада.
Маңдайшептік авиация күндізгі және түнгі жағдайларда әуе нысаналары бойынша жұмыс істейді. Жауынгерлік оқ атуларды ұшқыштар жеке дара және жұп құрамында орындайды. Әуе нысаналары ретінде жарқырағыш авиациялық бомбалар қолданылады. Оқу-жаттығуға жоғары білікті ұшқыштар тартылған.
Ұшуларды жалпы басшылыққа алуды Әуе қорғанысы күштері бас қолабсшысының орынбасары полковник Тұралы Қойшықұлов жүзеге асырады. Қарағанды облысында «Сарышаған» әскери полигонында «Жауынгерлік достастық-2015» ТМД әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесі шеңберінде өтетін жауынгерлік атысы бар бірлескен оқу-жаттығулар қыркүйектің аяғында аяқталатынын естеріңізге сала кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары