• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Балич: «Мәңгілік ел» қойылымында қазақстандық әртістер тынымсыз жұмыс істеді

М.Балич: «Мәңгілік ел» қойылымында қазақстандық әртістер тынымсыз жұмыс істеді

15 Қыркүйек, 2015 13:02
«Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымында қазақстандық әртістер тынымсыз жұмыс істеді, деп хабарлады Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» театрландырылған қойылымының атқарушы директоры Марко Балич спектакль қойылған күні.

«Бұл менің директор және продюссер ретінде өткізген 20-шы  шарам, оның ішінде 6 олимпиадалық шара бар. Біз барлық қойылымдарда тәжірибе жинақтауды жалғастырудамыз. Астанада бізге Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуге мүмкіндік берді», - деді М.Балич.

Баличтің  айтуынша, оның тобы үшін бұл үлкен тәжірибе, себебі театрландырылған қойылым 6 аптаның ішінде қойылды.  

«Мені Қазақстанның Мемлекет басшысы мен түркі әлемінің көшбасшылары қатысқан шараны ұйымдастыруға шақырды, бұл біз үшін үлкен абырой. Қойылымға қатысқан қазақстандық әртістер мен актерлар  тынымсыз  жұмыс атқарғанына  мен тәнті болдым»,  - деп баса айтты М.Балич.

Естеріңізге сала кетейік, театрландырылған қойылым жеті бөлімнен тұрды. Әр бөлімде қазақ халқының төл тарихы мен бүгінгі Қазақстан халқының заманауи келбеті суреттелді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар