- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжiлiсте лотереялар мен лотерея қызметiне қатысты заң жобалары таныстырылды
Мәжiлiсте лотереялар мен лотерея қызметiне қатысты заң жобалары таныстырылды
«Лотереялар және лотерея қызметi туралы» заң жобасы лотерея қызметi саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске асыру, лотереяны ұйымдастырушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың тiзбесi мен нысандарын бекiтудi, лотерея өткiзу шарттарын келiсу ережесiн бекiтуді, ұлттық лотерея операторын айқындауды көздейдi. Сонымен қатар, заң жобасында уәкiлеттi органның құзыретi мен лотереяны ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi мен шарттары айқындалған.
Баспасөз қызметi таратқан заң жобасының анықтамасында көрсетiлгендей, Қазақстанда лотерея 3 түрге жіктеледі:
- Бiр сәттiлiк лотерея – ұтыс лотерея билетiн алғаннан кейiн оны дереу тексеру арқылы (қорғаныс қабатын өшiру) айқындалады;
- тираждық лотерея – ұтыс ойының трансляциясы телевизияның тiкелей эфирiнде немесе телекоммуникациялық желiлер арқылы (лотерея ұйымдастырушының қалауы бойынша) жүзеге асырылатын, өткiзу процесi билет сатылуға шығарылғаннан бастап жалпы ұтыс ойынын өткiзiп, ұтыстарды бергенге дейiнгi циклдерге бөлiнедi;
- бинго-лотерея - ұтыс ойыны лотереяға қатысушылардың қатысуымен үй-жайларда өткiзiледi.
«Осы заң жобасы өткен сессияға кiрген болатын. 2007 жылы бұл заң жобасын қарап, үкiметке қайтарып берген едік. Қазiр заң жобасы 2007 жылғымен салыстырғанда 12-14 позициясын өзгерткен. Заң жобасына құлаққа кiретiндей өзгерiстер енген, сондықтан оны жұмысқа алдық»,- дедi депутат Сейiтсұлтан Әйiмбетов.
«ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне лоторея және лоторея қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы көрсетiлген салада ықтимал қылмыстарды жою, атап айтқанда, халықты күдiктi лотереяға қатысудан қорғауды, азаматтардың лотереяға деген сенiмiн арттыруды көздеп, лотореяға қатысушылардың ынтасын арттыруға мүмкiндiк бермек. Сонымен қатар, заң жобасы салық түсiмдерiн көбейтуді экономикалық мақсат тұтады. Ол 3 кодекс пен 6 заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қарастырады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады